» » ЕКІ БІРДЕЙ ЖҮЛДЕ – ЕНШІМІЗДЕ

ЕКІ БІРДЕЙ ЖҮЛДЕ – ЕНШІМІЗДЕ

Шымкент қаласында Республика күніне орай жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир өтті. Елдің әр өңірінен жиналған жасөспірім бәсекесінде ауданның командалары да сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Турнирде 2015-2016 жылдары туған жасөспірімдер командасы қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді. Ал 2013-2014 жылдары туған футболшылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жарыстың ІІІ орын жүлдегері атанды.
Қос команданың нәтижесі – жас спортшылардың дайындығы мен командалық бірлігінің жемісі екені сөзсіз. Жарыста ойыншыларымыз жеке шеберлігімен
де ерекшеленді. Сәден Азизмұхаммед «Үздік ойыншы» аталымына ие болса, Болысбек Рамазан «Үздік қорғаушы» деп танылды. Бұл марапаттар жас футболшылардың алаңдағы еңбегі мен ойын барысындағы белсенділігінің бағасы болды. Футболшыларды додаға дайындаған жаттықтырушылар Әділет Алтынбеков пен Дәуіржан Досымхановтың еңбегін де атап өткен жөн.
Бапкерлердің жүйелі жұмысы мен шәкірттерінің спортқа деген ынтасы жарыс нәтижесінен осылайша көрініс тапты.
Республикалық турнирде қол жеткізген бұл жетістік ауданның спорт саласындағы жағымды жаңалығының бірі болды. Жас футболшылардың жеңісі алдағы жарыстарға дайындыққа жігер қосып, олардың шеберлігін шыңдай түсуіне негіз болмақ.

Бауыржан ЖҮНІС
29 қазан 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Хабарландыру

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 172
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 367

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031