Бүгін түнде футбол әлемінің басты марапаттарының бірі иесін табады
«Алтын доп» марапаттау рәсімі алғаш рет Лондонда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапаттау рәсімі 26 қазаннан 27 қазанға қараған түні «Палладиум» театрында өтеді. Тікелей эфир Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Басты үміткерлер қатарында Харри Кейн, Килиан Мбаппе және Ламин Ямаль бар. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Лионель Месси мен Родри енген.














