«Алтын доп» – 2026 жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингі жарияланды
Фото: ©x.com/ballondor
The Athletic басылымы 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімде бірқатар күтпеген өзгерістер орын алды – Лионель Месси үздік ондыққа ілікпеді, ал Ламин Ямаль үштікке енді, деп жазады Egemen.kz.
Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алдыҮздік ондық:
- Харри Кейн («Бавария»)
- Килиан Мбаппе («Реал»)
- Ламин Ямаль («Барселона»)
- Деклан Райс («Арсенал»)
- Витинья («ПСЖ»)
- Майкл Олисе («Бавария»)
- Педри («Барселона»)
- Усман Дембеле («ПСЖ»)
- Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)
- Винисиус Жуниор («Реал»)
Ал қазіргі таңда «Алтын доптың» иегері Усман Дембеле («Пари Сен-Жермен») 8-орында тұр.
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді«Алтын доп» – 2026 жеңімпазы 2026 жылдың тамыз-қыркүйек айларында анықталады. Ал марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Франция астанасы Париждегі Шатле театрында күз мезгілінде өтеді.
Жаңартылған рейтинг футбол әлемінде бәсекенің күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Жас таланттар алға шығып, тәжірибелі ойыншылармен қатар үздіктер қатарына еніп жатыр. Ал алдағы айларда бұл тізім тағы да өзгеруі әбден мүмкін.
















