» » ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Спорттағы әр жеңістің артында талай жылғы еңбек, тынымсыз жаттығу мен табандылық жатыр. Жеңіс тұғырына бір сәтте көтерілгенімен, чемпиондыққа бастар жол бірнеше жылға созылады. Мұны жерлесіміз Нұрдәулет Мирамбековтің спорттағы жолынан да анық аңғаруға болады.
Орал қаласында ересектер арасында дзюдодан өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз қарсыластарының арасынан суырылып шығып, чемпион атанды. Ел біріншілігінің алтын медалін иеленіп, осылайша туған жерінің мерейін үстем етті. Бұл – спортшының осыған дейінгі еңбегінің, табандылығы мен үздіксіз ізденісінің нәтижесі.
Ел чемпионатындағы жеңістен кейін дзюдо спортының шеберін туған жерінің жұртшылығы да зор қошеметпен қарсы алды. Жеңімпазды күтіп алған көпшілік үшін бұл – бір спортшының ғана жетістігі емес, елдің ортақ қуанышы. Өйткені туған жердің атын республика көлемінде танытып, көк байрақты биіктен желбірету – кез келген спортшының үлкен мақсаты. Нұрдәулеттің спорттағы алғашқы қадамынан бері жанында жүрген бапкері – Дархан Алмаханов. Ол шәкіртін төртінші сыныптан бастап тәрбиелеп келеді. Бала кезінен көз алдында өскен спортшының бүгінде ел чемпионы атануы бапкер үшін де үлкен қуаныш. Осы жылдар ішінде ол талай жарыста бақ сынап, тәжірибе жинады. 2022-2025 жылдары қола жүлдеге қол жеткізді. Ал биыл сол жүлделердің жалғасын алтынмен өрнектеп отыр.
– 60 келі салмақта чемпион атану оңай емес. Бұл салмақта бәсекелестік өте жоғары, әрбір қарсыластың деңгейі мықты. Сондықтан Нұрдәулеттің биылғы жеңісі – үлкен еңбектің жемісі. Соңғы уақытта шәкіртімнің чемпион болатынына деген сенімін сезгендей болдым. Жастайынан мақсатына берік, ақкөңіл, қайтпас мінезді жігіт. Алда оны бұдан да ауқымды жарыстар күтіп тұр. Ендігі кезекте Әлем және Азия додаларында бақ сынап, Олимпиада ойындарында жүлдемен оралуды мақсат етудеміз, – дейді бапкері.
Бұл жолда әлі талай дайындық пен жауапты жарыс бар. Дегенмен ел чемпионатындағы алтын жаңа белестерге бастар берік негіз болды. Спортшының бүгінгі жеңісі – табандылықтың нәтижесі. Ең бастысы, чемпиондықпен тоқтап қалмай, жаңа мақсаттарға ұмтылу. Туған жердің ақ тілегі мен бапкерінің сенімі серік болған жас спортшының алдағы додаларда да биіктен көрінуіне тілектеспіз.
Ел намысын абыроймен қорғаған жерлесімізге алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз. Бүгінгі жеңіс – үлкен жолдың бастауы. Ал сол жолдың келесі белесі Азия, әлем чемпионаттары мен олимпиада төрі болғай!
Қуаныш НҰРПЕЙІСОВ
14 қыркүйек 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930