Құрылтай
» » Египеттегі ел абыройы

Египеттегі ел абыройы



Осы аптада Египеттің Исмаилия қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Ерасыл Сәулебек ел мерейін үстем етті. Байрақты бәсекеде 88 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жас спортшымыз жоғары шеберлігі мен қайсар мінезінің арқасында әлемдік додада топ жарып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
Ерасыл серпе көтеруде 199 келіні еңсеріп, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Ал қос сайыс қорытындысы бойынша 356 келіні бағындырып, әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Осы нәтижесінің арқасында ол 1 алтын және 1 күміс медаль иеленіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты.
Жас спортшының бұл табысы – еліміздегі ауыр атлетика мектебінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Ерасылдың жеңісі жас буынға үлкен серпін берсе, оның табандылығы мен еңбекқорлығы көпшілікке үлгі болып отыр.
Соңғы жылдары қазақстандық жас ауыр атлеттер халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Солардың қатарында Ерасыл Сәулебектің есімі де ерекше аталып жүр. Оның Әлем чемпионатындағы тарихи жеңісі – тек спортшының ғана емес, оны баптаған жаттықтырушысы мен қолдау көрсеткен жанкүйерлердің де ортақ қуанышы.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
10 мамыр 2026 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 446
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 951

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031