» » Жерлестеріміз жеңіс төрінде

Жерлестеріміз жеңіс төрінде

Ағымдағы жылдың 29-30 шілде күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында, “12 тамыз - Халықаралық жастар күніне” орай Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы үшін республикалық кіші футбол турнирі өтті.

Аталған турнир жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу, сонымен қатар дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Турнирде еліміздің барлық өңірінен жастар ресурстық орталықтарының мамандары өзара тартысты ойын көрсетті.

Жарысқа Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Пірназаров Нұржұман Пірназарұлы және орталықтың кеңесшісі Асылбеков Азамат Серікбайұлы қатысып, облыс намысын қорғады.

Кіші футбол турнирінің нәтижесі бойынша 1 орынды “Қызылорда” командасы, 2 орынды “Түркістан” командасы иеленсе, 3 орынды “Әулиеата жастар” командасы тізгіндеді.

Үздік ойын көрсеткен бірқатар ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялары және ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Сонымен қатар, марапатталған жеңімпаз командалар мен ойыншыларға ақшалай 500 000, 300 000, 150 000 теңге қаржылай сертификаттар, кубоктар мен медальдар табысталды.

31 шілде 2026 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 829
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 104

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930