» » Қазақстан ескек есуден әлем чемпионатында тарихи жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан ескек есуден әлем чемпионатында тарихи жеңісіне қол жеткізді

Фото: ҰОК
Қазақстан құрамасы академиялық ескек есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы тарихи жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде еліміздің намысын қорғаған Артём Матусевич жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей жарыстың финалында үшінші орын алып, қола медаль иеленді.

Бұл Қазақстанның академиялық ескек есуден осы жас санатындағы әлем чемпионаттарындағы алғашқы жүлдесі болып отыр. Бұған дейін ел спортшылары U23 санатындағы әлем біріншіліктерінде жүлдегер атанбаған.

Матусевич іріктеу кезеңі мен жартылай финалда екінші орын алып, финалға жолдама алды. Айта кетейік, өткен жылы Шанхайда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Артём Матусевич үздік ондыққа еніп, 9-орын иеленген еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден әлем кубогының 3-кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлде иеленген болатын.
26 шілде 2026 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 955
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031