Құрылтай
» » Месси әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты

Месси әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты

Фото: Getty Images
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы нәтижелі пастар саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мундиальдің ширек финалындағы Швейцария құрамасына қарсы кездесуде аргентиналық шабуылшы 10-шы голдық пасын берді. Осылайша Месси әлем чемпионаттары тарихында бұл көрсеткішке жеткен алғашқы футболшы болды.
Қазіргі таңда Лионель Месси турнирдің ең үздік сұрмергені атанып отыр. Алты әлем чемпионатына қатысқан аргентиналықтың қоржынында 21 гол бар.

Еске сала кетейік, Аргентина мен Швейцария арасындағы ширек финалдық ойын АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы «Эрроухед» стадионында өтті. Кездесудің негізгі уақыты тең есеппен аяқталды. Аргентина сапынан Алексис Мак Аллистер, ал Швейцария құрамасынан Ндой гол соқты. 72-минутта швейцариялық футболшы Эмболо екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Сан басымдығын пайдаланған аргентиналықтар қосымша уақытта жеңісті жұлып әкетті. 112-минутта Хулиан Альварес Аргентина құрамасын алға шығарса, матчтың соңғы минутында Лаутаро Мартинес тағы бір гол соғып, кездесудің нүктесін қойды.
Жартылай финалда аргентиналықтар Норвегияны 2:1 есебімен жеңген Англия құрамасымен кездеседі. 
12 шілде 2026 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 578
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 041

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31