» » Месси тағы рекорд орнатты

Месси тағы рекорд орнатты


Бес дүркін «Алтын доп» иегері, «Барселонаның» жұлдызы Лионель Месси испандық Примерада кезекті рет өз есімін жазып қалдырды. 

31 жастағы аргентиналық Испания чемпионаттары тарихындағы 13 маусымда қатарынан 10 голдан артық соққан тұңғыш футболшы атанды. Статистер үшін аса маңызды оқиға 15-ші турда «Эспаньолаға» қарсы матч кезінде орын алды. Лионель кездесудің 17-ші минутында айып сызығынан тамаша соққы беріп, есепті ашты. Ал ойын соңында гол салып, голкипер Диего Лопесті тағы ренжітті. Осылайша, Примераның қазіргі ойынында Мессидің еншісінде 11 гол бар Мессидің қос голының арқасында «Барселона» 4:0 есебімен ежелгі қарсыласының тас-талқанын шығарды. Одан бөлек, Луис Суарес пен Усман Дембеле бір голдан соқты. 15-ші турдан кейін каталондықтар «Севилья» мен «Атлетикодан» 3 ұпай артық жинап, турнир кестесінде бірінші келе жатыр.

10 желтоқсан 2018 ж. 1 769 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 20:34
Secure Ordering Fluoxetine Medication Internet Free Shipping Overnight Shippingprozac Comprar Levitra En Andorra buy levitra Information Amoxicillin

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031