Құрылтай
» » ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ


Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында облыстық спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Аталған спорттық іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілуде.

Спартакиаданың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын орнықтыру, ұжымдық бірлікті нығайту және кәсіби ортадағы корпоративтік мәдениетті жетілдіру.

Салтанатты рәсім барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Жәрдемұлы Мендалиев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы Артаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ерлеген Жәрдемұлы Мендалиев өз сөзінде мемлекеттік қызмет сапасының артуы қызметшілердің тек кәсіби біліктілігіне ғана емес, олардың денсаулығы мен өмір салтына да тікелей байланысты екенін атап өтіп, бұқаралық спортты дамыту бағытындағы мұндай бастамалардың маңызын ерекше жеткізді.

Спартакиада бағдарламасына спорттың 10 түрі енгізілген. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар 11 маусым күні марапатталып, Түркістан қаласында өтетін республикалық спартакиадаға қатысуға жолдама алады.

09 маусым 2026 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31