» » ЖЕҢІС ТӨРІНДЕ – ЖЕРЛЕСТЕР

ЖЕҢІС ТӨРІНДЕ – ЖЕРЛЕСТЕР

Мамыр айының 28-30 жұлдызы аралығында Қостанай облысы, Лисаковск қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында спорттық және жауынгерлік самбодан ҚР чемпионаты өтті. Аталған додаға еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан, барлығы 20 құрама, 400-ден астам спортшы қатысты. 28 мамыр күні басталған дүбірлі доданың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының самбо федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Манарбек Жұбатқанұлы арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сала маманының салтанатты сөзінен соң, боз кілемдегі кездесулер басталып та кетті. Күш-қуатпен қатар жылдамдық, ептілік және тактикалық ойлау қабілетін талап ететін спорт түрінің сайысына қатысып, боз кілем үстінде белдесіп, бақ сынап, бабын байқатқандардың қатарында жерлестеріміз де болды.
Естеріңізге сала кетейік, 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионатында жүлделі орын алған спортшылар ҚР ұлттық құрамасы қатарына кіреді және спорт шебері, спорт шеберіне үміткер атақтарын иеленеді.
Екі бағыт бойынша өрбіген спорт жарысының бірінші түрі — спорттық самбода балуандар әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, қарсыласын жеңуге ұмтылса, жауынгерлік самбода қорғаныс пен шабуылдың күрделі түрлерін пайдаланып, қарсыласына есе жібермеуге тырысты.
Тек күш сынасу алаңы ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, төзімділікті және батылдықты қалыптастыратын дода саналатын үш күнге созылған байрақты бәсекенің нәтижесінде үш жерлесіміз жеңімпаз атанып, жетістік биігінен көрінді.
Спорттық самбо белдесуіне 79 келі салмақ дәрежесінде қатысқан Дінмұхамед Алтай қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, алтын медаль иеленсе, жауынгерлік самбодан 98 келі салмақ дәрежесінде топқа түскен Асылжан Сейдалыұлы ешкімге есе жібермей, бірінші орынды қанжығасына байлап және ҚР спорт шебері атағының нормативін орындады.
Жауынгерлік самбодан нәзік жандылар қатарында қатарластарына қарсы келіп, күрескен Ұлтай Сейілова 80 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлде иегері атанды.
Жеңімпаздардың жаттықтырушылары — Қайрат Үсенов пен Бақберген Тәтімбетов.
Сынға түскен уақытта сағы сынбай, бағы озған Сырдан шыққан спорт саңлақтарының жеңісті жолын жалғаған жерлестеріміздің де аудан абыройының асқақтауына үлес қосқаны сөзсіз.
Ердәулет ОРЫНБАСАР
02 маусым 2026 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 223
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 777

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930