» » Блиц бәсекеде бағы жанды

Блиц бәсекеде бағы жанды



Тоғызқұмалақ – қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, терең ой мен зияткерлік қабілетті талап ететін ұлттық ойындардың бірі. Халық арасында «дала шахматы» атанған бұл ойын логикалық ойлау жүйесін дамытып, шыдамдылық пен стратегиялық шеберлікті қалыптастырады. Бүгінде тоғызқұмалақ тек ұлттық мұра ғана емес, халықаралық деңгейде танылып, түрлі жарыстар арқылы кеңінен насихатталып келеді.
Осы орайда, Астана қаласында өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы чемпионатында ауданның жас спортшысы Орныққан Серікбаев жоғары нәтиже көрсетіп, облыс мерейін үстем етті. 13 жастағы дарынды ойыншы блиц түрі бойынша бақ сынап, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мықты ойыншылар қатысқан бұл чемпионат жасөспірімдер үшін үлкен сын алаңы болды. Әсіресе блиц ойыны жылдам ойлау қабілетін, шапшаң шешім қабылдауды талап ететіндіктен, қатысушылардың шеберлігі ерекше байқалды. Осындай тартысты бәсекеде Орныққан өз мүмкіндігін толық пайдаланып, қарсыластарына лайықты қарсылық көрсете білді. Сонымен қатар, жаттықтырушыларының бағыт-бағдары мен қолдауы да үлкен рөл атқарғаны сөзсіз. Республикалық деңгейдегі додада үздіктер қатарынан көріну – үлкен абырой әрі болашақтағы жарқын жетістіктердің бастауы. Бұл жеңіс Орныққанға алдағы ірі жарыстарға қатысуға мүмкіндік беріп, Қазақстан чемпионатына жолдама алуына жол ашты. Мұндай жетістіктер жас спортшылардың жігерін жанып, ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыра түседі. Жас дарынның табысы өңір спортының дамып келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта Орныққанның биік белестерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғай беретініне сенім мол.
05 мамыр 2026 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 836

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930