» » Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті

Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті

Терең ойды талап ететін ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ интеллектуалды қабілетті дамытуға арналған ойын түрі. Бүгінде өңірде дәл осы ойын түріне қызығушылар саны артып келеді. Осыған орай, бүгін тоғызқұмалақтан ересектер және жастар арасында облыстық жекелей және командалық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті.
Аталмыш шараға Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов, Қызылорда облысының тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының президенті, «Тоғызқұмалақ қайраткері» Әбдіқадыр Ергешбаев және жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.
Жиын барасында басқарма басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі тоғызқұмалақ ойынының көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, Жігер Оңдасынұлы былтыр өткен чемпионаттарда Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындаған спортшыларға арнайы куәлік тапсырды.
Куәлік алған ойыншылар қатарында: Нұрай Ғаниқызы, Әсем Дәуренбекқызы, Ерасыл Пернебаев, Кенжебек Ырыскелді, Ақылбек Нұржан бар.
Тоғызқұмалақтан ересек мен жастар арасындағы Қызылорда облысының чемпионатына қала және барлық ауданнан 120-дан астам ойыншы қатысуда. Жарыс классика, рапид және блиц түрі бойынша өтеді.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
06 қаңтар 2025 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930