» » ШӘКІРТ ШЕБЕРЛІГІ – ҰСТАЗ МЕРЕЙІ

ШӘКІРТ ШЕБЕРЛІГІ – ҰСТАЗ МЕРЕЙІ

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ҚАРАШАСЫНДА ЖАПОНИЯНЫҢ ТОКИО ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХХV СУРДЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ТҮРІ БОЙЫНША ОНСАЙЫСТА ЖЕРЛЕСІМІЗ, ЖЕҢІЛ АТЛЕТШІ НҰРСҰЛТАН КӨЛДЕЕВ ОЗА ШАУЫП, ҚОЛАДАН МЕДАЛЬ ТАҒЫНҒАН БОЛАТЫН.
Бұл жеңіс спортшы жаттығатын «Алматы» спорт клубы ұжымы мен жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының спорт қайраткері, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» Найзабек Сағымбаев ағамызды қуантумен қатар, тілеулес болып отыратын қармақшылықтардың да төбесін көкке көтеріп тастаған.
Жерлесіміздің жақында тағы бір жақсы жаңалығына куә болғандаймыз. Сурдлимпиадалық ойындардың қола жүлде иегері Нұрсұлтан ініміздің еңбегі ескеріліп, оған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы беріліп отыр.
– Осындай жақсы жаңалығымыз бар. «Баласы атқа отырса, тақымын қысатын» қазақпыз ғой. Шәкіртімнің бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілекшімін, – дейді жаттықтырушысы Н.Бекетұлы.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
10 ақпан 2026 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930