» » Миланда Олимпиада алауы тұтанады

Миланда Олимпиада алауы тұтанады

Бүгін Италия жерінде, сән-салтанаттың ордасы Милан, Альпінің асқақ шың­дары ая­сын­дағы Кортина-д’Ампеццо қалаларында төрт­жыл­дық­тың басты додасы – XXV қыс­қы Олимпия ойын­­дары­ның шымылдығы түріледі.
Қысқы Олимпиаданың жөн-жосығы қашанда бөлек. Бұл – жай ғана жүлде үшін талас емес, қатысу­шылардың ерен қабілет-қарымы, қажыр-қайраты сыналатын ымырасыз бәсекелер. Шаңғы, коньки жолын­дағы жылдамдық, шорт-трек, фрис­тайл алаңдарындағы ептілік, мәнер­леп сырғанаудағы нәзіктік пен хоккей айдынындағы тартыс – бәрі-бәрі спортты серік еткен жандардың мүмкін­дігін жан-жақты паш ететін көріністер.
«Милан-Кортина 2026» ойында­рының бір ерекшелігі – оның қос қалада қатар өтіп, заманауи урбанистика мен табиғат сұлулығын үндестіре білуінде. Сол тұрғыда бүгін тұтанатын Олимпиада алауы спорттық бәсекелестікті ғана емес, бүкіл әлемді бейбіт­шілікке, бірлікке шақыратын үміт шырағы іспетті.
Төртжылдықтың басты додасында еліміздің намысын 36 спортшы қорғайды. Олар – Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмір­ғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков (шаңғы), Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко (коньки), Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асыл­хан Асан, Аяна Жолдас (фрис­тайл-акробатика), Юлия Галышева, Анастасия Городко, Павел Колмаков, Аяулым Әміренова (фристайл-могул), Владислав Киреев, Әсет Дүсенов, Милана Генева, Айша Рақышева (биа­тло­н), Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан (шорт-трек), Александра Скороходова, Ростислав Хохлов (тау шаңғысы), Илья Мизерных, Данил Васильев (шаңғымен трамплиннен секіру), Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина (мәнер­леп сырғанау), Шығыс Рақпа­ров (шаңғы қоссайысы).
Осы спортшылар арасынан фрис­тайл-могулшы Юлия Галышева, шорт-трекші Денис Никиша, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шай­доровты бөле-жара атасақ болады. Олардың барлығы да талай дүбірлі додаларда дарынымен оқшауланған дүлдүлдер. 33 жастағы Юлия Галышева Пхёнчхан Олим­пиадасында қола жүлдені иеленгенде, еліміздің барша жанкүйерлері қуанғаны есі­мізде. Спорттық мансабында ол әлем чемпионатында төрт рет жеңіс тұғырына көтерілді. Жүлделердің біреуі алтын, екеуі күміс, біреуі қола. Сондай-ақ қоржынында Азиада мен Универсиаданың үш алтыны бар. 30 жастағы Денис Никиша кейінгі екі әлем чемпионатында қола медальды мойнында жарқыратты. Дүниежүзілік универсиадада төрт рет үшінші орынға тұрақтады. 21 жастағы Михаил Шайдоров 2025 жылғы дүние­жүзілік додада күміспен күптелді. Бұл саңлақтармен бірге түрлі байрақты бәсеке­лерде ауыз толтырып айтар­лықтай табысқа қол жеткізіп жүрген конькиші Евгений Кошкин, шорт-трекші Абзал Әжіғалиев, тау шаңғышысы Александра Скороходоваға да зор үміт артылып отыр.
«Қай өңір ең көп спортшыларын Апеннин түбегіне аттандырды?» деген сұраққа келетін болсақ, бұл ретте Астана, Шымкент қалалары, Шығыс Қазақстан облысы өзгелерден көш ілгері. Олар­дың әрқайсысы төрт саңлағын дүбірлі дода­ға қоспақшы. Павлодар, Алматы облыстарынан – үш, Қостанайдан – екі, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай облыстарының бір-бір өкілі бақ сынайды.
06 ақпан 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728