» » Жерлестеріміз жүлдемен оралды

Жерлестеріміз жүлдемен оралды

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ САПЫНДА БОЛҒАН ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҮЗДІК НӘТИЖЕМЕН ОРАЛДЫ

Бүгін, аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының тапсырмасымен аймақ абыройын асқақтатып, жоғары нәтиже көрсеткен жерлестерімізді Жосалы кентінің әкімі Алмасхан Әріпханұлы құрметпен қарсы алып, қабылдады.

27–30 қараша аралығында Ақтау қаласында дзюдодан 2009–2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Төрт күнге созылған жарысқа еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан келген 200-ден астам жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Қызылорда облысының құрама командасы жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 3 күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте ІІ орынға ие болды.

Аталған ұлттық біріншілікке облыс құрамасы сапында Қармақшы ауданының 2 спортшысы қатысып, жүлделі орындардан көрінді:
- 60 кг салмақ дәрежесі – Арқар Бақытжан – ІІ орын (күміс медаль)
- 90 кг салмақ дәрежесі – Әлиасқар Әлихан – ІІ орын (күміс медаль)
Спортшылардың жаттықтырушылары Оспанов Сымбат және Жақсыбеков Ерлан.

Қабылдау кезінде Жосалы кентінің әкімі А.Досмуратов ел намысын қорғаған жерлестермізге аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының арнайы Алғыс хатын табыстап, қазақы дәстүрмен сый-сияпатын жасады.

02 желтоқсан 2025 ж. 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 120
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 704

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031