Құрылтай
» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ТОЛАҒАЙ ТОП ЖАРДЫ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ТОЛАҒАЙ ТОП ЖАРДЫ

Аптаның сейсенбісінде спорттан ақжолтай хабар жетіп, төбеміз көкке тағы бір мәрте тиді. Қармақшылық толағайымыз Ерасыл Сәулебек Қазақстанда өткен Азия чемпионатында зілтемір көтеруден жеңімпаз атанды.
Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өзіне қарсылас ешкімді тең келтірмеді. Нақты айтқанда жұлқа көтеру мен серпе көтеруден 153, 191 келі көтеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 344 келіні бағындырып, жарыста топ жарды.
Ерасыл осыдан екі ай бұрын Перу мемлекетінің Лима қаласында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын. Міне, арасын көп ұзатпай аудан халқын тағы да жақсы жаңалығымен қуантып, алтыннан медаль тақты.
Басынан қазақтың тақиясын тастамаған жерлесіміздің жеңісін көгілдір экраннан тамашалап, еріксіз марқайдық. Ол бұған дейінгі жарыстарда да ел сенімін ақтап, жоғары орыннан көріне білді. Алдағы уақытта да спорттағы алар асуы көп болсын деп ел атынан тілек білдіреміз.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
12 шілде 2025 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 606
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31