» » «Канело» спорт кешенін жалға алды

«Канело» спорт кешенін жалға алды

Допинг сынағынан өте алмай бокстан шеттетілген екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы болған мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) келесі кездесуі қандай спорт кешенінде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Бұған дейін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес «Канелоның» шаршы алаңға 15 қыркүйек күні оралатынын айтып еді. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтіп, PPV (ақылы көрсетелім) жүйесі бойынша көрсетіледі. Ал Las Vegas Review Journal порталының мәліметі бойынша, Golden Boy Promotions компаниясы Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде 15 қыркүйек күні жекпе-жек өткізу үшін өтініш білдірген. Бұл өтінішті Невада штатының Атлеттер комиссиясы 14 маусым күні өтетін отырысында қарастырады. Айта кетейік, Альварес өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қыркүйек айында дәл осы спорт кешенінде өткізген болатын. Ол кезде 12 раундтық жекпе-жекте ол WBA (Super), IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) тең түсті.

12 маусым 2018 ж. 1 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 263

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031