» » Қазақстандық жүзушілер Германияда 37 медальді қанжығаға байлады

Қазақстандық жүзушілер Германияда 37 медальді қанжығаға байлады

Қазақстандық құрама мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жүзуден әлем кубогында табысты өнер көрсетті. Еліміздің командасы 13 алтын, 9 күміс және 15 қола медальді қанжығаға байлады. Төрт күнге созылған додада жерлестеріміз әлемнің 47 елінен келген үздік спортшылармен бақ сынасты. Нәтижесінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, құрама жалпы есепте 37 медальға ие болды. Ал әлем чемпиондары Зүлфия Ғабидуллина мен Наталья Звягинцева ерекше көзге түсті. Екі спортшы да өз қарсыластарын жеңгенімен, қорытынды есепте қоланы қанағат тұтты. Сарапшылар бұл көрсеткішті спорт әлеміндегі жоғары жетістік деп отыр. Отандық құраманы жеңісімен бірінші болып қазақстандық дипломаттар құттықтады. Зүлфия Ғабидуллина, жүзуден Паралимпиада ойындарының чемпионы: - Бірінші орынды иелендім. Бірақ орта есепте үздік болғым келген еді. Енді жетістікке жету үшін ары қарай жұмыс істеуім керек. Еліміздің спортшылары өте жас. Олардың жеңіске деген талпынысы басында-ақ байқалған болған. Жарыс өте жақсы өтті. Саттар Бейсембаев, жүзуден ҚР құрметті жаттықтырушысы: - Біздің спортшылар өте жоғары нәтиже көрсетті. Мен олармен мақтан тұтамын, қуаныштымын. Барлық жоспарымызды түгелдей орындады. Өздерінің көрсеткіштерін жаңартып жатыр. Әсіресе кешенді жарыстарда, эстафетада олар өздерінің жекелей шыққан көрсеткіштерін эстафетада 2-3 секундқа дейін жаңартып жатыр. Ол өте үлкен мақтаныш. Үш спортшы халықаралық ірі жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды.

11 маусым 2018 ж. 1 277 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 00:09
Amoxicillin Cell Kamagra Consegna Veloce Francia Amoxicillin Capsules Types levitra discount Doxycycline Hyclate Online Where To Buy Clomid Online Safely

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930