» » Францияда велоспорттан «Критериум Дофине» көпкүндігі өтіп жатыр

Францияда велоспорттан «Критериум Дофине» көпкүндігі өтіп жатыр

Франция жолдарында велоспорттан «Критериум Дофине» көпкүндігі өтіп жатыр. Кеше велошабандоздар 181 шақырымдық 4-ші кезеңде сынға түсті. «Астана» велокомандасының спортшысы Дарио Катальдо таулы жолдардың бірінде шабуылға шығып, қарсыластарынан ұзап кетті. Соңғы 40 шақырым бойы топ бастаған «Астана» велошабандозы мәреге небәрі 300 метр қалғанда болдырып қалды. Кезеңдегі жанкешті қимылы үшін Катальдо тау жолдарының үздік спортшысына тиесілі көк жейдені киді. Спринтерлік сайыстан озып шыққан француз Жулиан Алафилипп 4-кезең жеңімпазы атанды. «Астана» капитаны Пельо Бильбао 8 секунд кешігіп, 11-болып жарысты аяқтады. Жалпы есепте италиялық Джанни Москон топ басына шықты. Бильбао 13-орында тұр.

24.kz
09 маусым 2018 ж. 1 023 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 882
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 136

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930