Құрылтай
» » ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қанат Исламның келесі қарсыласы Каркамо кәсіпқой бокстағы карьерасында екі титулдық жекпе-жек өткізген23 маусымда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырған қазақстандық боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) қарсыласы анықталды, деп хабарлады Қазақстанның кәсіпқой боксы ВКонтакте-тегі парақшасында.

"Qazaq-қа" 27 жастағын мексикалық Фернандо Каркамо (23-8, 18 КО) қарсылас болады. Жекпе-жек  Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theatre ойын-сауық кешенінде өтеді.  Каркамо кәсіпқой бокстағы карьерасында екі титулдық жекпе-жек өткізген: 2012 жылы ол америкалық кіші Фидель Мальдонадоны(24-4-1, 19 КО) нокаутқа түсіріп, WBC Silver "жастар" белбеуін иеленген. Ал екі жылдан кейін ресейлік Петр Петровтан (38-6-2, 19 КО) нокаутпен ұтылған, ол кезде жеңіл салмақтағы WBA-NABA титулы мен WBO NABO "уақытша" белбеуі тігілген еді. 
 Фернандо соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 13 қазанында өткізді – үшінші раундта өзінің отандасы Эмилио Канисалесті (6-6-1, 5 КО) нокаутқа жіберді.   
06 маусым 2018 ж. 1 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 584
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 047

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31