» » Жастарды жігерлендірген марафон

Жастарды жігерлендірген марафон

Елімізде есірткіге қарсы акциялар үздіксіз ұйымдастырылып, жер-жерде түрлі спорттық шаралар өткізілуде. Қоғамға залалын тигізіп қана қоймай адам өмірін құрдымға кетіретін бұл зиянды затқа жастар түбегейлі қарсылық танытуда.
Осы аптада «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы аясында жеңіл атлетикадан аудандық марафон өткізілді. Оған кент мектептерінен оқушылар қатысты. Акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – жеңімпаздарды анықтаумен қатар, саламатты өмір салтын насихаттау, есірткі заттарына және оларды тұтынуға наразылық білдіру.
Аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға жастар бар ынтамен қатысып, белсенділік көрсетті. Азанғы күннің ызғарлы салқынына қарамаған жастардың жүзінен саламатты өмір салтына деген ұмтылысты сезесіз.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, аудан прокурорының міндетін атқарушы Зураб Гичиев қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, нашақорлықпен ел болып күресуге шақырды.
Кентке кіреберіс аркадан бастау алған марафонның мәре сызығы орталық алаңда белгіленді. Спортшылар «Баста» деген пәрменнен-ақ жүгіре жарысып, бірінен-бірі озуға талпынды. Марафоншылардың ішінен 32, 7, 25 нөмірлі спортшылар алға суырылып шығып, қалған қатысушыларды артқа тастап қашыққа ұзады. Спортшылар кент орталығындағы Абай көшесінде жүгіріп, орталық алаңға қарай бет алды. Осылайша 3 шақырым жолды еңсерген желаяқ мәре сызығын бірінші болып кесіп, жеңіске жетті.
«Нашақорлыққа жол жоқ» акциясының қорытындысы аудан орталығындағы денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде жалғасты. Жеңімпаздарды аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев, аудан прокуратурасының прокуроры Нұржігіт Шаймахан құттықтап, Алғыс хат табыстады. Атап айтқанда, қыздар арасында І орынды Кәусар Каган, ІІ орынды Гүлназ Жаңажол, ІІІ орынды Мәдина Бейбітова иеленсе, ұлдар арасында І орынды Мұхамедияр Әблахатов, ІІ орынды Әбілмансұр Сейдалыұлы, ІІІ орынға Мұхаммедәлі Қуанышбек жайғасты.
Ерсін ӘЛІБАЙ
16 қараша 2024 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031