» » Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы әлем чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы әлем чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар үш алтын иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
67 келі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан финалдық кездесуде кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантояны жеңді.
Сайыстың ширек финалында отандасымыз өзбекстандық Акбар Ахмадовты, черногориялық Милош Роганович пен ауғанстандық Самир Хамдамды тізе бүктірді. Ал жартылай финалда қытайлық боксшыны жеңіп кеткен. 
Бұдан кейін ел құрамасынан Санжарәлі Бегалиев (75 келі) өзбекстандық Джафарбек Шахбазовпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірді.
Ал 81 келі салмақта Аружан Зейноллаева өзбекстандық Рухшона Парпиевамен рингке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
03 қараша 2024 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930