» » Боксшылар қоржынға бес медаль салды

Боксшылар қоржынға бес медаль салды

Белградта өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар бес медаль жеңіп алды: екі алтын, екі күміс және бір қола. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлайды.
Елге «алтынды» Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі), «күмісті – Махмұд Сабырхан (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі), «қоланы» Абылайхан Жүсіпов (67 келі) әкелді.
Медальдардан бөлек, 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары AIBA-дан ауқымды ақшалай сыйақы алды: алтын үшін 100 000 доллар, күміс үшін 50 000 доллар және қола үшін 25 000 доллар.
Сондай-ақ медаль алған қазақстандық боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы: «алтынға» 70 000 доллар, «күміске» 50 000 доллар, «қолаға» 30 000 доллар табыс етті. Осылайша, 2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері қатарына енген қазақстандық бес боксшы 595 000 доллар табыс тапты.
07 қараша 2021 ж. 1 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 228
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031