Топ-баннер
» » Бүгін «Ұлы дала жорығы-2024» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары марапатталады

Бүгін «Ұлы дала жорығы-2024» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары марапатталады

Kyzylorda-news.kz  «Ұлы Дала жорығы-2024» эпикалық марафон-бәйгенің жеңімпаздары бүгін белгілі болады.
Бүгін, 23 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтары «Ұлы дала жорығы» көпкүндік марафон-бәйгесінің майталмандарын салтанатты түрде марапаттау рәсіміне куә бола алады. Салтанатты шара сағат 19:00-де Көкшетаудан қалаға кіре берістегі экопосттың жанында орналасқан «Құлагер» монументіндеөтеді.
Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиғақазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.
Биыл жол қашықтығы500 шақырымды құрады және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтыды.
Бас жүлде - 15 000 000 теңге, 2 орын - 10 000 000 теңге, 3 орын - 5 000 000 теңге.
Сонымен қатар, алғашқы үш жеңімпаз5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).
Жобаның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «JORYQ» федерациясы.
Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.
«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықтыәрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы. 
23 мамыр 2024 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728