» » «Ұлы Дала Жорығы» Сыр елінде

«Ұлы Дала Жорығы» Сыр елінде

Қыркүйектің 17-сіне бас қаламыз Астанада бастау алған ат марафон-бәйгесі 25 қыркүйек күні Сыр еліне келді. Қаладан 189 км қашықтықта, Жезқазған трассасының бойындағы сайын далада Сыр жұртшылығы шабандоздарымызды қошеметпен қарсы алды.
«Ұлы дала жорығы» – қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртатын, рухын оятатын, еліміздің тарихын зерделеп, жаңа туристік маршруттар қалыптастыратын тың жоба. Бұл бәйге қазақ халқының «брендіне» айналары сөзсіз.
Тарихта ең ұзақ қашықтыққа созылған 1200 шақырымдық республикалық марафон-бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда 100 шабандоз 200 сәйгүлік қатысты. Аламанға қатысушылар күніне 100 шақырыммен Қарағанды, Ұлытау облыстарын артта қалдырып, алаштың анасы Сыр елінің даласына келді.
800 км қашықтықты еңсеріп, ең алғаш сөре сызығынан аттаған Тараз облысының сәйгүліктері болды. Барша жанкүйер қиқулап, төзімділік пен қайсарлықтың символына айналған тұлпарлар мен шабандоздарды үлкен қошеметпен қарсы алды. Екінші болып маңғаз Маңғыстау облысының, артынша киелі Түркістан облысының аттары келді. Көптен күткен Сыр елінің сәйгүліктері сөреге төртінші болып келді. Бұл тек осы күнгі нәтиже, шешуші кезең марафоншыларымыздың соңғы сөре сызығын аттаған сәті болмақ.
Марафон-бәйгенің салтанатты бөлігін облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылжан Жаманқұл ашып, қатысушыларға төзім мен жігер, сәттілік тіледі.
Барша қазақтың басын қосқан дүбірлі дода ашық аспан астында мерекелік көңіл-күйге ұласты. Сыр халқы мен қонақтары үшін кең далада үйлер мен шатырлар құрылып, арнайы жасақталған сахнада облыстық филармонияның саңлақтары өз өнерлерін паш етті. Домбыраның сыңғырлаған үні мен күміс көмей әншілеріміз еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған қауымның көңілінен шықты.
Бүгін, яғни 26 қыркүйек күні марафоншыларымыз түркінің төрі Түркістанға бет алды.
Ендеше, барлық шабандоз жігіттерімізге мықты денсаулық, бастарына амандық тілей отырып, атқа қонған әрбір қазақтың мерейі үстем болсын дейміз.
Сыр спортшыларына сәттілік!
26 қыркүйек 2022 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930