«Ұлы дала жорығы-2024»: Үшінші кезеңнің жеңімпазы Жетісу облысы
Kyzylorda-news.kz. 21 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды.
Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиғақазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.
Жол қашықтығы500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанадааяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді-мекені маңында аяқталды.
Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.
Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.
Үшінші кезеңдеТүркістан,Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытауоблыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстауоблыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматықаласы мен Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады.
100 км:
Жетісу облысы - 06:57:11
Маңғыстау облысы - 07:30:48
Алматы қаласы - 07:35:52
Қостанай облысы - 08:18:54
Жамбыл облысы - 08:24:30
Астана қаласы - 08:35:16
Қарағанды облысы - 09:24:28
СҚО - 09:32:21
Ақмола облысы - 09:53:57
Түркістан облысы - 10:42:08
Абай облысы - 10:45:39
Ұлытау облысы - 11:14:30
Павлодар облысы - 12:48:13
«Рекорд» командасы.
300 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ
Жетісу облысы - 19:41:06
Маңғыстау облысы -20:13:16
Алматы қаласы - 20:31:38
Жамбыл облысы - 21:44:47
Қостанай облысы - 21:48:55
Астана қаласы - 23:08:36
Қарағанды облысы - 23:49:23
Ақмола облысы - 24:21:23
СҚО - 25:09:07
Түркістан облысы - 26:26:44
Абай облысы - 26:29:16
Ұлытау облысы - 28:13:15
Павлодар облысы - 28:59:26
«Рекорд» командасы.
Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).
Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.