Конституция
» » » Ұлы дала жорығы: Маңғыстау облысының командасы межеге жетпеді

Ұлы дала жорығы: Маңғыстау облысының командасы межеге жетпеді


Маңғыстау облысы “Көкмойнақ” командасы жорықты жалғастырудан өз еркімен бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ

“Ұлы дала жорығы” марафон-бәйгесінің 12-кезеңі Қызылорда облысы Шиелі ауданында өтіп жатыр. Таңғы сағат 7:00-ден 8 команда кезекті 100 шақырымды бағындыруға аттанды. Маңғыстау облысы командасы аттарының шаршап қалуына байланысты старт сызығына келмеді.
Бұған дейін, 11-кезеңде Маңғыстау облысының команда капитаны жарыстан шығып қалып, “Көкмойнақта” 3 ат қалған еді. 11-кезең бойы үздік болып келген маңғыстаулықтар тәуекелге бармай, аттарын зорықтырмай, келесі жылғы марафон-бәйгеге тыңғылықты дайындауды жөн санағанын жеткізді.
11 кезең нәтижесі бойынша, Маңғыстау облысының “Көкмойнақ” командасы 18 команданы шаңына да ілестірмей келген. 1050 шақырымды артта қалдырып, финишқа 250-ақ шақырым қалғанда мұндай шешімге келуі - күтпеген жағдай болды. Аттары жорықты жалғастыруға жарап тұрса да, жорықты тоқтатуы - атақ-абырой, жеңіс пен жүлдеден аттарының амандығын алдыңғы орынға қоятынын сездірді.
Бүгінде экс-чемпиондардың орнын Қостанай облысының командасы басты.
Енді Адай жылқысының абыройы 1300 шақырымды 1 атпен бағындыруды мақсат еткен “Рекорд” командасындағы маңғыстаулық шабандоздың мойнында.
Бұдан бөлек командадан тыс 4 шабандоз белгіленген межені еңсеруге жалғыз жорытып барады.

17 қыркүйек 2023 ж. 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031