» » Ұлттық ойын – халық мұрасы

Ұлттық ойын – халық мұрасы


«Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 20 наурыз - Ұлттық спорт күні. Дәстүрлі құндылықтарымыздың бірі және бірегейі – Ұлттық спорт ойындары. Көшпелі қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінің қоржынында 150-ге жуық ойындар бар.

Бүгін «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты ұлттық ойындар сайысы өткізіліп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтары насихатталды. Ұлттық ойындар сайысын аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов ашып, жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, топтық төбелеске жол бермей, спортпен ұдайы шұғылдануға шақырды. Сондай-ақ, аудандағы бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген жаттықтырушылар мен жас спортшыларды аудан басшысының алғысымен марапаттады.

Жас спортшылар күрес, гір тасын көтеру, асық ату, арқан тартыс және тоғызқұмалақ ойындары арқылы жарысып, бәсекеге түсті. Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдайды.

Ұлттық спортты ұлықтауға арналған бұл күн спортшылар мен қарапайым халық арасында мереке салтанатын ерекше сезінуге септігін тигізді.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20 наурыз 2024 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 148

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031