» » Шағын футболдан Қармақшы ауданы ІІІ чемпионаты өз мәресіне жетті

Шағын футболдан Қармақшы ауданы ІІІ чемпионаты өз мәресіне жетті


Ағымдағы жылдың 28 қаңтарда бастау алған Қармақшы аудандық футбол федерациясының аудан чемпионаты, әр аптаның жексенбі күндері өткізіліп келеді.
Іс-шара Қармақшы аудандық білім бөлімі мен Қармақшы аудандық футбол федерациясымен бірлесіп өткізілді. Спорттық шараның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын жүзеге асыру; ауданда спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, тұрғындарды дене шынықтыру мен спортпен жүйелі шұғылдануға тарту жөніндегі тұрақты жұмыстар жүргізу, футболшылардың шеберлік деңгейін одан әрі көтеру, спорт резервін даярлауды қамтамасыз ету, аудан құрама командасын үздік ойыншылармен толықтырып облыстық, республикалық жарыстарға қатыстыру болып табылды.
Чемпионаттың қорытындысымен үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларды «Қармақшы аудандық футбол» федерациясы диплом және кубоктары табысталды.
«ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН Достар командасының ойыншысы Қайратұлы Қайсар, «ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН №105 мектеп-лицейінің ойыншысы Мінуар Шығанақ, «ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН Рубин командасының ойыншысы Жанайдаров Әсет, «ҮЗДІК СҰРМЕРГЕН» НОМИНАЦИЯСЫМЕН – Бруклин командасының ойыншысы Сұлтанбеков Рахат, «ҮЗДІК ЖАС ОЙЫНШЫ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН №250 мектеп-лицей командасының ойыншысы Беспаев Азамат және «ҮЗДІК ТӨРЕШІ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН Әлжанов Мәлік марапатталды.
Чемпионаттың қортындысы бойынша:
ІІІ орынды – ДОСТАР КОМАНДАСЫ
ІІ орынды – №250 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ КОМАНДАСЫ
І орынды – №183 ОРТА МЕКТЕП КОМАНДАСЫ иеленді.

11 наурыз 2024 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031