» » Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 9 алтын алды

Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 9 алтын алды

Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астана қаласында жасөспірімдер және жастар арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 9 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz boxingkazakhstan инстаграм арнасына сілтеме жасап.

Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын – 1000$, 2-орын – 500$, 3-орын – 250$) ақшалай сыйақы алды.
12 күн бойы өткен Азия чемпионатында арнайы номинациялар бойынша ең үздік боксшылар белгілі болды:

Ең үздік жасөспірім қыз боксшы – Аяжан Сыдық (Қазақстан)

Ең үздік жасөспірім ұл боксшы – Фужуки Юга (Жапония)

Ең үздік жас қыз боксшы – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

Ең үздік жас ұл боксшы – Төрехан Сабырхан (Қазақстан)

Ең үздік төрешілер – Мариф Урдешев (Өзбекстан) және Мария Каваклиева (Болгария)

Елорда төрінде өткен Азия чемпионатында жас боксшыларымызға Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, Олимпиаданың 2 мәрте күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан және т.б қолдау білдірді.
04 қараша 2023 ж. 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 066

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930