Құрылтай
» » Салауаттылық — өмір салты

Салауаттылық — өмір салты

qarmaqshy-tany.kz Зиянды әдеттерден сақтанудың жолдары, нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір қағидаттары жайлы түсіндірме жүргізумен қатар, денсаулықты нығайтуда спорттың пайдасы зор. Осы мақсатта Жастар денсаулық сақтау орталығы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мамандары аудандық полиция бөлімімен бірлесіп Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде «Жігерлі отбасы» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырды.
Оған 6 отбасы қатысып, уақыттарын пайдалы іске арнады. Балаларына үлгі бола отырып, ата-аналар ұжымдық, топтық байланыста жұмыс істеп, физикалық белсенділіктерін арттырды. Жарыс соңында олар арнайы марапаттарға, сыйлықтарға ие болды. Шара барысында тақырыпқа сай түсіндірме жүргізіліп, насихаттық үнпарақтар, ұрансөздер ілініп, таратылды.

Сондай-ақ аудандық емхана мамандары Ә.Кетебаева, Д.Құлмырзаева, дәрігер А.Балмахановалар кент орталығында халық көп шоғырланатын жерлерде, ірі сауда үйлерінде, теміржол вокзалы мен такси тұрақтарында, дәріханаларда «Есірткісіз аймақ», «15 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні», «Темекіден бас тартыңыз!» және «Зиянды әдеттер» тақырыптарында ақпараттық үнпарақтар таратты. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, әркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек екенін айтты. Денсаулыққа деген бейжайлық жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулардың тез таралуына, өмірін өкінішті сәттерге әкеп соқтыратыны жайлы жан-жақты ақпараттандырды.
«Қт» ақпарат
22 мамыр 2023 ж. 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31