» » Аудан біріншілігі мәресіне жетті

Аудан біріншілігі мәресіне жетті

qarmaqshy-tany.kz «Балалар жылына» орай осы жылдың 5 қарашасында бастау алған шағын футболдан 2006-2007 және 2008-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы аудан біріншілігі мәресіне жетті.

Жарыс шағын футбол спортын дамытып, облысқа аудан құрамасын іріктеу, жасөспірімдерді спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту және футболшылардың шеберлік деңгейін көтеру, спорт резервін даярлауды қамтамасыз ету мақсатында аудандық білім бөлімі мен аудандық футбол федерациясымен бірлесіп өтті.
Қызықты да тартысты сәттерге толы өткен аудандық футбол лигасына 8 команда бойынша 80-ге жуық спортшы қатысты. Оның жүлдегерлеріне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы кубогі мен дипломдары табыс талды.
Ал жарыстың қоры тындысына тоқталар болсақ, 2006-2007 жылы туған жас өспірімдер арасында І орынды No183 орта мектеп құрамасы жеңіп алса, ІІ орынға No250 мектеп-лицей құрамасы, ал жүлделі ІІІ орынға «Жандос» команда- сы көтерілді. Сондай-ақ, 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарыста No27 орта мектеп құрамасы барлық қарсыласын ұтып, жарыс жеңімпазы тұғырынан көрінсе, қалған жүлделі орындарды No105 мектеп-лицейі мен «Жандос» командалары өзара бөлісті.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
07 желтоқсан 2022 ж. 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930