» » Мақсаттың тағы бір жетістігі

Мақсаттың тағы бір жетістігі

«Қазақстан барысы» чемпионы атанған жерлесіміз Мақсат Исағабылов жақында елді тағы да жеңісімен сүйіншіледі. Ол Румынияның Констанца қаласында өткен қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері атанды.
Қара теңіз жағалауында өткен байрақты бәсекеге әлемнің 20 елінен палуандар сынға түскен. Жарысты ұйымдастырушылар – «Qazaq kuresi» ассоциациясы, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі, Румыния «Qazaq kuresi» ассоциациясы және Румыниядағы Қазақстанның елшілігі.
Сыр елінің мақтанышына айналған батырымыз Мақсат Аманбайұлы бұл жолы Қазақстанның атынан ұлттық құрама мүшесі болып өнер көрсетті. Ол осының алдында ел чемпионатында жоғары орыннан көрініп, Әлем кубогына жолдама алған-ды. Кешегі турнирде де палуандар арасында топ жарып, жүлделі І орынмен оралды.
– Жарыста сегіз салмақ бойынша сынға түстік. Мен +100 келі салмақ бойынша үш белдесу өткіздім. Бірінші белдесуімде пәкістандық палуанмен жекпе-жекке шықтым. Одан кейін екінші белдесуде өзіміздің қазақ жігіті Айбат Сейтенмен күрестім. Ол да азулы қарсыластың бірі болды. Ал ақтық айқаста Кипр елінің палуанымен белдесіп, таза жеңіспен жеңіске жеттім. Әрине жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Намысқа тырысудың арқасында және мойнымда елдің абыройы тұрғасын барымды салдым, – дейді қазақ барысы Мақсат Исағабылов.
Облысымыздан Мақсатпен бірге барған шие- лілік палуан Бекжан Төлепов те 55 келі салмақта өнер көрсетіп, І орынды қанжығалады. Осылайша Қазақстанның қоржыны 7 алтын, 1 күміс және 7 қола жүлдеге толды. Ал турнир қорытындысын саралай келгенде Қазақстан құрамасы жалпы командалық І орынды иеленіп, жеңісі еселенді.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 қыркүйек 2022 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930