» » Футболдан бірінші лигада «Қайсар» көш басына шықты

Футболдан бірінші лигада «Қайсар» көш басына шықты

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің алтыншы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған турдағы басты ойын Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен Көкшетаудың «Оқжетпес» командалары арасында өтті.
Кездесу барысында алдымен көкшетаулық клубтан Руслан Булов 8-минутта пенальтиден есеп ашса, 24-минутта қызылордалық Мақсат Байжанов таразы басын теңестірді. Одан кейін «Қайсар» сапынан Жоао Педро Оливейра 51, Мамуту Диалло 57-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал «Оқжетпес» ойыншысы Милан Стоянович 93-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Қайсар» қарсыласын 3:2 еесбімен тізе бүктірді.
Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше: 21 мамыр «Жеңіс» – «Екібастұз» 1:2 22 мамыр «Игілік» – «Байқоңыр» 1:0 «Жетісу» – «Қайрат-Жастар» 2:1 «Академия Оңтүстік» – «Тараз-Қаратау» 0:3 «Яссы» – «Қыран» 1:1 «Қайсар» – «Оқжетпес» 3:2 «Шахтер-Болат» – «Астана М» 2:4 Аталған турдан кейін «Қайсар» 16 ұпаймен көш басында келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қыранның» 14, «Оқжетпестің» 12 ұпайы бар.
Енді жетінші тур ойындары 28 мамыр күні өткізіледі.
23 мамыр 2022 ж. 832 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 815
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 510

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930