» » Чемпиондар лигасы: «Лейпциг» жартылай финалға шықты

Чемпиондар лигасы: «Лейпциг» жартылай финалға шықты

UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан екінші команда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Бүгін «Лейпциг» (Германия) мен «Атлетико Мадрид» (Испания) командалары шеберлік байқасты. Екеуінің де деңгейі қатарлас. Сондықтан бұл кездесуде кімнің жеңетінін алдын-ала болжау оңайға соққан жоқ. Ойынның бірінші кезеңінде «Лейпциг» командасы доп ұстау жөнінен басым екенін байқатты. Дегенмен екеуі бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңнің 50-минутында «Лейпциг» ойыншысы Даниэль Ольмо есеп ашса, «Атлетико Мадрид» сапынан Жоау Феликс 71-минутта пенальтиден таразы басын теңестірді. Ал 88-минутта «Лейпциг» қайтадан алға шықты. Жеңіс голын Тайлер Адамс соғып кетті. Осылайша «Лейпциг» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді олар 18 тамызда «Пари Сен-Жермен» (Франция) командасымен кездеседі. Франциялық клуб кеше «Атланта» (Италия) командасын жеңген еді. Ал 14 тамызда «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия), 15 тамызда «Манчестер Сити» (Англия) мен «Лион» (Франция) командалары шеберлік байқасады. Жеңімпаз командалар жалғыз ойын нәтижесімен белгілі болады. Естеріңізге сала кетелік, Чемпиондар лигасының қалған бөлігі Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтеді. Ол сегіздік финалы форматында болады. Жартылай финал 18-19, финал 23 тамыз күндері өткізіледі.

14 тамыз 2020 ж. 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 936
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 574

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930