» » Бүгін Бейжіңде XIII Паралимпиада ойындары басталады

Бүгін Бейжіңде XIII Паралимпиада ойындары басталады

2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Бейжіңде 4 наурызда өтеді. Салтанатты спорттық шара «Құс ұясы» деп аталатын ұлттық стадионда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.



Қазақстан Паралимпиада құрамасынан туды пара шаңғы жарысы бойынша Әлем Кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.
Қазақстан Паралимпиада құрамасының құрамына бес спортшы кірді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Паралимпиадашылар екі шаңғы жарысы мен парабиатлонда өнер көрсетеді.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысады.
Спортшылар спорттың алты түрінен: шаңғы жарысынан, биатлоннан, тау шаңғысы спортынан, следж-хоккейден, арбадағы керлингтен және сноубордтан 78 жүлдені сарапқа салады.
Қазақстандық паралимпиадашылар алдымен парабиатлонға қатысады. Қазақстан атынан Сергей Усольцев пен Александр Герлиц өнер көрсетеді. Жарыс 5 наурызда Хэбэй провинциясының Чжанцзякоу қаласында өтеді.



04 наурыз 2022 ж. 972 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930