» » WBO титулы үшін жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионын нокаутқа жіберді

WBO титулы үшін жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионын нокаутқа жіберді

Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) бокс кешінде рингке шықты. 


Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) бұл жолы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) қолғап түйістірді.
Орта салмақта өткен жекпе-жек он раундқа есептелген. Алайда сегізінші раунда Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Француз боксшысы үшінші раундта нокдаун алған еді.
Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста 11 мәрте жеңіске жетті. WBO Global чемпионы титулын қорғап қалды. WBA Regular, WBO Interim және WBC Silver нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы француз Хассан Ндам Нжикам кәсіпқой карьерасында алтыншы реті жеңілді.
Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанды.
Ал 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді.
Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді.
Он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Оның алтауы нокаутпен аяқталды.
21 қараша 2021 ж. 833 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 360
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728