» » Батыр атындағы турнир

Батыр атындағы турнир

Аудандық спорт клуб үйінде таэквондодан (керуги және пумсе бағдарламасында) балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Облыстық таэквондо WT федерациясы және аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан және Қызылорда қаласынан спортшылар қатысты.

Жарыстың мақсаты балалар, кадеттер және жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын, сонымен қатар олимпиадалық таэквондо спортын насихаттау. Таэквондошылардың спорттық шеберліктерін, достық қатынастарын арттыру. Спортпен тұрақты айналысушылар арасында үздікті анықтау.
Бірінші рет өткізілген аталмыш спорттың ашылуында қатысушылар ел басына күн туған жылдары ел қорғаны болған аталар рухына тағзым етіп, карантин талаптарын сақтай отырып жарысты бастады. 3 күнге созылған додада спортшылар жас ерекшеліктері мен әртүрлі салмақ бойынша бақ сынасты. Ә дегеннен-ақ кенттің бас спорттық кешенінде жайылған бозкілем үстіне 8-9 бен 10-11 жастағы балалар өнер көрсетсе, екінші күні 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдер өзара тартысты. Ал үшінші күні 15-17 жастағы «Сен тұр мен атайын» деген жастар өз салмағында оза шауып, тамаша ойын көрсетті. Сайыс барысында жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрініп, ел мерейін үстем етті.
Жарыс қорытындысында жеңімпаз­дар мен жүлдегерлер салмақ дәрежесі бойынша облыстық таэквондо федерациясының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дип­лом және медальдарымен марапатталды. Атап айтсақ балалар арасында Дарина Мұхашова І орынды жеңіп алса, Нұрай Мейрамбек, Фариза Алпысбай ІІ орынға жайғасты. Ал Аруна Ерболатқызы, Арсен Айболатұлы, Константин Ким, Айғаным Әбуова, Қарақат Төлебаева, Нұрайым Жақсымбет, Әлхамидулла Сүлеймен, Жұлдызай Жандосқызы, Абылайхан Кәдірбай, Қазыбек Әлайдар, Венера Зубуханова, Нұрлыхан Тасболат, Зарифа Зәкір, Нұртас Нұрым, Фариза Алпысбай, Бексұлтан Жұмабек, Дінмұхамед Амандық, Балауса Жұмабаева ІІІ орынды иеленді.
Жасөспірімдер бойынша Перизат Тұрарова мен Сағыныш Иманова І орынды қанжығаласа, Жалғас Сұлтан, Диас Әубәкіров, Диас Байболат, Қарлығаш Айболатқызы ІІІ орынды қанағат тұтты. Ал жастар арасында Бекзат Сәбитов пен Дидар Әбуов ІІІ орыннан көрінді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

17 маусым 2021 ж. 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930