» » ҚАРМАҚШЫДА ТАЭКВОНДОДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТУДЕ

ҚАРМАҚШЫДА ТАЭКВОНДОДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТУДЕ


Бүгін Жосалы кентінде орналасқан дене шынықтыру және спорт кешенінде балалар мен жеткіншектер және жасөспірімдер арасындағы таэквондодан Қармақшы ауданының ашық біріншілігі өтуде.
Шараның ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында спортпен шұғылдану бағытында өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебізін жеткізді.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мырзабаев Нұрболдың айтуынша қазіргі таңда аудан көлемінде таэквондо клубтары мен үйірмелері белсенді жұмыс атқаруда. Шәкірттері облыстық республикалық жарыстарда топ жарып келеді.
Бүгінгі өткізіліп отырған балалар мен жеткіншектер және жасөспірімдер арасындағы таэквондодан Қармақшы ауданының ашық біріншілігіне Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласынан және Шиелі, Қармақшы аудандарынан 6 команда 150-ге жуық жас спортшылар белсенділікпен қатысуда.
30 наурыз 2019 ж. 1 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 531

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930