Құрылтай
» » Жапонияда олимпиада өткізуге қарсылық көп

Жапонияда олимпиада өткізуге қарсылық көп

Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар қалада Covid-19 індетіне байланысты төтенше жағдайдың жарияланғанына қарамастан, халықаралық спорт жарысы өткізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дегенмен Жапонияда  Олимпиада өткізуге деген қарсылық күннен күнге арта түсуде. Тұрғындар халықаралық жарыстың  коронавирус инфекциясының таралуына себеп болатынынан қауіптенеді.
— Спортшылар мен Жапония халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жоспарымыздың бәрі ең нашар деген сценарийлерге негізделген, -  дейді Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) вице-президенті Джон Коутс.
Ол «Олимпиада ойындары Токиодағы  төтенше жағдайға қарамастан  өткізіле бере ме?» деген журналист сауалына ол «Әрине, өткізіледі»  деп қысқа жауап берді.
Токиодағы Халықаралық Олимпиада ойындарының басталуына тоғыз апта ғана қалды. Бұл жарыс 2020 жылы өтуі тиіс еді, бірақ пандемияға байланысты ойын бір жылға шегерілген.
Жапония коронавирус індетінің төртінші толқынымен күресіп жатыр. Екпе науқаны баяу болғандықтан, халықтың біраз бөлігі Олимпиаданы биыл өткізу жоспарына сенімсіздікпен қарайды.

23 мамыр 2021 ж. 746 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 695
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 143

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31