» » Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» алғашқы ұпайына қол жеткізді

Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» алғашқы ұпайына қол жеткізді

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші турындағы сегіз кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
А тобында Германияның «Бавариясы» Ресей астанасы - Мәскеуде жергілікті «Локомотивті» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал Испанияның «Атлетико Мадриді» өз алаңында Австрияның «Ред Булл Зальцбургын» 3:2 есебімен жеңді. А тобында алты ұпаймен «Бавария» көш бастап тұр. Испанияның «Реал Мадрид» клубы Германияда Менхенгладбахтың «Боруссиясымен» 2:2 есебімен тең ойнады. Осылайша олар екі ойында алғашқы ұпайына әрең қол жеткізді. В тобындағы тағы бір кездесуде Украинаның «Шахтер» және Италияның «Интер» командалары 0:0 есебіне қанағат білдірді. Бірінші орында 4 ұпаймен «Шахтер» тұр. С тобында Англияның «Манчестер Сити» командасы екінші турда сырт алаңда Францияның «Олимпик Марселінен» 3:0 есебімен басым түсті. Осы топта Португалияның «Портуы» «Олимпиакосын» 2:0 есебімен жеңді. Көш басында алты ұпаймен «Манчестер Сити» келеді. D тобында сынға түсіп жатқан Англияның «Ливерпулі» бұл жолы да жеңіске жетті. Ағылшындық клуб бұл жолы өз алаңында Данияның «Мидтьюлланнын» 2:0 есебімен ұтты. Аталған топтағы Италияның «Аталанта» және Голландияның «Аякс» командалары 2:2 есебімен тең ойнады. Екі турда бірде-бір ұпайды шашау шығармаған «Ливерпуль» кқш бастап келеді.


28 қазан 2020 ж. 680 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 901
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930