» » Батысқазақстандық дойбышы халықаралық жарыста топ жарды

Батысқазақстандық дойбышы халықаралық жарыста топ жарды

Батысқазақстандық дойбышы Әнел Дәулетова халықаралық жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Халықаралық дойбы федерациясы (IDF) мәлім еткеніндей, 2020 жылғы интеллектуалдық спорт олимпиадасы (MSO) аясында биыл Gambler тұғырнамасында дойбы-64-тен онлайн жарыстар өткізілді. Олимпиада аясында дойбы-64-тен төрт онлайн турнир ұйымдастырылды,
Жастар арасындағы жарысқа 174 спортшы қатысып, 11, 14 және 17 жасқа дейінгілер арасында жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. 17 жасқа дейінгі қыздар арасында қазақстандық Әнел Дәулетова үздік шықса, Беларусь елінің өкілі Виктория Николаева екінші, ресейлік Алена Большакова үшінші орынға ие болды. Оған қоса ұлдар мен қыздар арасында жалпы есепте БҚО-ның дойбыдан аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Жұмагелдиевтің шәкірттері екінші орынға көтерілді.
Бұл Әнелдің бірінші табысы емес. Ол бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын.

19 тамыз 2020 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 882
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 136

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930