» » «Қайсардың» 10 ойыншысынан коронавирус табылды

«Қайсардың» 10 ойыншысынан коронавирус табылды


«Қайсар» футбол клубының бас жаттықтырушысы Стойчо Младеновтың айтуынша, клуб ойыншылары арасында коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген, деп жазады HALYQLINE.KZ.


«Қайсардың» 10 ойыншысының тапсырған талдауы коронавирус бар екенін анықтады. Егер «Байқоңыр» жастар командасындағы инфекцияға шалдыққандарды қоссақ, жалпы сырқаттанғандар саны 25-ке жетеді. Мен және менің бапкерлер штабымның өкілдері, сонымен қатар Болгариядан келген Александар Колевтің вирусқа тапсырған талдауы теріс нәтиже көрсетті», – деп атап өтті Младенов.
Сонымен қатар, бас жаттықтырушы «Қайсардың» 1 шілдеге жоспарланған ойыны өтер-өтпесін білмейді.
«Жаттығуды тоқтаттық, шешімді күтіп отырмыз», – деді ол.
Айта кетсек, 1 шілдеде «Қайсар» Қазақстан чемпионатында «Таразға» қарсы ойнауы керек болатын.
29 маусым 2020 ж. 1 033 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031