» » Мақсаты биік "Қайсар"

Мақсаты биік "Қайсар"

Өткен аптада Қызылорда футболы үшін тарихи сәт туды. 20 жылдан кейін жеңіске жеткен "Қайсар" футбол командасы елге оралып, жанкүйерлерімен жүздесті. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан кубогында «Қайсарды» үш мыңға жуық жанкүйер қолдаған еді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте футболшылармен қатар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов та алған әсерімен бөлісті, деп жазады aqmeshit-zhastary.kz
– Сыр спортында "Қайсардың" орны ерекше. 2016 жылдан бері команданың аяқ алысы жаман емес. 2017 жылы Премьер-лигада 6-орында болсақ, былтыр 5-орынға көтерілдік. Ал биыл 3-орынға шығамыз немесе Кубокты аламыз деп жоспарладық. Нәтиже жаман емес. Маңдай термен жеңіске жеттік. Енді неге Еуропаның шыңына шықпасқа?! Менің қуанғаным – тарихи голды жер­лесіміз Думан Нәрзілдаевтың салғаны, – деді О.Акимов.
Биыл Сыр футболы үшін барлық мәселе түбегейлі шешілді. Соның бірі – Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион. Күрделі жөндеуден өткен атындағы орталық стадион еуропалық стандартқа сай. Басқарма басшысы еуропалық қарсыластарды стадион қабылдауға дайын екенін айтты. Сонымен қатар  биыл «Қайсар» командасында жергілікті ойыншылардың қатары көптеп толықты. Бұл «Байқоңыр» командасының қарқынды жұмысы деп бағалауға болады. Финалда жеңіс сыйлаған Думан Нәрзілдаев та сол команданың түлегі.
– Әлі күнге дейін сол толқыған, қобалжыған күйімнен шыға алмай жүрмін. Ерекше сәт болды. Бұл – менің кіндік қаным тамып, бұғанамды қатайтып, қанат бітірген туған жерімнің, қолдау көрсетуден аянып қалмайтын туған елімнің жеңісі. Жеңіс құтты болсын, жерлестер! – деді тарихи голдың авторы.
Жаңа маусымның жаңалығы бас бапкер Стойчо Младенов өз қызметін жалғастырады. Ал алдағы жылдың қаңтар, ақпан айларынан бастап Еуропа лигасына күшейтілген режимде дайындықты бастайды. Қазіргі құрамның 80 пайызы келер маусымда да өнер көрсетеді деп күтілуде..
– Бұл – Сыр елінің жеңісі. Ойыншылар да, жанкүйерлер де бар күш-жігерімізді жұмсадық. Сондықтан жеңіс құтты болсын, жерлестер! Алдағы уақытта да «Қайсардың» жұлдызы жарқырай түсетініне сенімім кәміл, – деді команданың директоры Серік Құттыбайұлы.
Еуропа лигасына жолдама алған "Қайсардың" алға қойған мақсаты биік. Келер жылы команда үздіктер қатарынан көрінуді көздейді. Әлемдік аренада ел намысын қорғайтын қасқырларға сәттілік тілейміз!
20 қазан 2019 ж. 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031