Құрылтай
» » Олимпиада 2018: Элизабет Тұрсынбаева жарысты 12-орынмен аяқтады

Олимпиада 2018: Элизабет Тұрсынбаева жарысты 12-орынмен аяқтады

Мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева 24 қатысушының арасында үздік 12 спортшының қатарынан көрінді.
Еркін бағдарламасын сәтті орындап, жарыс ортасына дейін көш бастап келген жерлесіміз бұл сынның аралық жеңімпазы атанғанын да айта кеткен жөн. Техникалық жағынан күрделі элементтерді оңай еңсерген жерлесіміз төрешілерден 118,30 ұпай алып, қысқа бағдарламасымен қосқандағы жалпы көрсеткіші 177,12-ні құрады. Бұл бәсекеде Ресей елінен барған мәнерлеп сырғанаушы Алина Загитова қос сайыс нәтижесі бойынша 239,57 ұпай жинап, алтын тақты.
Элизабет Тұрсынбаева, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының мүшесі:
- Мұз айдынында толқынысымды жеңе алғаным үшін қуаныштымын. Бағдарламамды аяғына дейін ойдағыдай орындап шықтым. Сондықтан қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсеттім деп айта аламын. Өйткені жаттығуда болған бабым бүгінгіден төмен еді. Енді дәрігерлердің кеңесі бойынша жарақатымнан толық айығу үшін сәл үзіліс ала тұруға тура келеді.
23 ақпан 2018 ж. 1 946 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 455
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 957

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031