» » GGG Қазақстанда жұдырықтасқысы келеді

GGG Қазақстанда жұдырықтасқысы келеді

    Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) әлем чемпионы аты аңызға айналған қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) міндетті үміткері поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жекті өз елінде өткізуді армандайтынын растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
    – Ол Қазақстанда жұдырықтасқысы келеді, - деп жазған vRINGe.com Matchroom Boxing басшысының сөзін келтіріп. - Алдымен осы жекпе-жекті сәуірде өткізуді жоспарладық, бірақ қазір мерзімді жылжытуға тура келді. Нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Бізде Шереметамен жекпе-жекті АҚШ-та ұйымдастыру нұсқасы бар. Бұл бокс. Мұнда барлығы болуы мүмкін".
Қазақстандық боксшының Мексика супержұлдызы Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші кездесу өткізгісі келетіні Хирннің есінде: "Канело" оппонент іздеп жатыр. Олар "мамырда жекпе-жек өткізейік" деcе, онда біз келісе алар едік. Бірақ олай болған жоқ. Үшінші жекпе-жекті олар алдын ала қыркүйек айына жоспарлады деп ойлаймын. Сондықтан, Геннадий алдымен Қазақстанда міндетті үміткерімен жекпе-жек өткізіп, "Канеломен" қыркүйекте кездеседі деген болжам жасадым".
    Айта кетейік, Альварес пен Головкин Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан. 2017 жылдың қыркүйегінде болған алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Ал бір жылдан кейін мексикалық спортшы ұпай бойынша жеңіп кетті.
16 ақпан 2020 ж. 1 000 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930