» » Фируза Шарипованың келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

Фируза Шарипованың келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

Фируза Шарипованың келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болдыҚазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова өзінің келесі кездесуін көктемде өткізеді. Отандасымыздың келесі кездесу туралы толығырақ оның менеджері Сергей Завилейский айтты.
«Фирузаның келесі кездесуі 12 мамырда өтеді. Жекпе-жек Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» немесе жуырда ғана құрылысы біткен Санкт-Петербургтегі М-1 Аренада өтуі мүмкін. Мен Таразға барып келдім. Спорт кешенін де көріп, басшылармен жолығып, барлығын ақылдастық. Биыл Фируза Таразда міндетті түрде бір кездесу өткізеді. Сондай-ақ 8 ақпан күні Питерде М-1 Арена спорт кешенінің ашылу салтанатында болдым. Бұл – жекпе-жек шеберлеріне арналған заманауи спорт кешені. Фирузаның қарсыласын жуық арада атайтын боламыз. Қазір тек қарсылас Фируза өнер көрсететін мықты боксшылардың бірі екенін айта аламын. Мұндай мықты қарсылас әлі Фирузада болған жоқ. Сондықтан оны қиын кездесу күтіп тұр. 7 ақпаннан бастап Шарипова Мәскеудегі «Бокс академиясында» жаттығу жасап жатыр. Қазір дайындық қызу жүруде. Фируза бабында. Көңіл-күйі де керемет. Ол әлемнің абсолютті чемпионы болғысы келеді. Бұл – біздің басты мақсатымыз. Біз сол үшін жұмыс істеп жатырмыз», – дейді қазақстандық боксшының менеджері.

20 ақпан 2018 ж. 1 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 691
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 434

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031