Азия парламентшілерінің форумына қатысты
Қазақстанның Халық қоныстануы мен дамуы жөніндегі Азия парламентшілерінің форумына белсенді қатысуды одан әрі жалғастыру туралы ниетін Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаева айтты.
Бұл туралы ол бейнеконференция форматында өткен Азия парламентшілері форумы Атқарушы комитетінің 89-шы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Гүлмира Исимбаеваның айтуынша, ұйым қызмет еткен жылдар ішінде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша заңнамалық базаны қалыптастыру және кеңейту мәселелері бойынша көптеген жұмыс атқарды. Бұл Парламент өкілдерінің Азия өңіріндегі халық саны мен даму проблемаларын шешуге қосқан қомақты үлесі.
Жиын барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары парламентшілердің жастарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударғанына тоқталып, 2018 жылы Қазақстан астанасында «Жастарға – инвестиция» атты халықаралық конференция ұйымдастырғанын атап өтті.
Мәжіліс вице-спикері Қазақстанның ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейде халықтың қоныстануы мен орнықты даму проблемаларымен айналысатын барлық халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатқанына назар аударды.
Гүлмира Исимбаева Азия-Тынық мұхиты өңірінің халық саны мен демографиясы мәселелері бойынша деректер базасын құру, ортақ заңдылықтар мен ерекшеліктерді анықтау, демографиялық проблемаларды шешуде тәжірибе алмасу және жинақтау мемлекеттерге алдын алу шараларын қабылдауға және сол арқылы көптеген әлеуметтік проблеманы болдырмауға мүмкіндік беретініне тоқталды.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары пандемия кезіндегі күрделі экономикалық жағдайда әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып отырғанына назар аударды. Осыған сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына қолдау көрсету және жұмыс орындарын сақтау үшін шаралар кешені әзірленгенін атап айтты.
Бейнеконференция форматында өткен отырыста Азия парламентшілері форумының төрағасы Кейзо Такими және ұйымның уақытша атқарушы директоры Кийоко Икегами құттықтау сөз сөйледі.
Жиын барысында қатысушылар ұйымның қызметі туралы есепті, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Пікір 1 044