Жаңғыру жолындағы айқын бағыттар
Елбасы Жолдауда «Тәуелсіздік алғалы бері елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың қалыптасуының арқасында ата Заңымыз аясында прогрессивті өсу айқындалғанын, оған дәлел ретінде ТМД және Орта Азия елдері арасында алғашқы болып Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесінің өткізілуі, сонымен бірге Еуразия аумағында қаржылық, іскерлік, инновациялық мәдени орталығы атанған Астана қаласының салынуы тәуелсіздіктің жемісі екенін тілге тиек етті.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы барлық орта білім мекемесіне Назарбаев зияткерлік мектебінің білім беру әдісін енгізу қажетін және сол білім ордасының оқыту жүйесі мен әдістемесі басқа орта білім ордалары үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс екенін айтты.Сонымен қатар, Елбасы денсаулық сақтау саласын қолдау мақсатында алдағы жылдан бастап науқастарды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілін енгізуді, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейтуді тапсырып, Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысы басталатынын жеткізді.
Сонымен бірге, елімізде орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға көп көмегін тигізіп отырған мемлекеттік «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуы халыққа тиімді екені айқындалды. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «7-20-25» бағдарламалары әрбір қазақстандық үшін оң қолдау тапқан бағдарлама екені, алдағы уақытта оның сапалылығы, қол жеткізу мүмкіндігі нақтыланды. Осы ретте, Елбасы әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін де пысықтады. Жаңа мектеп, балабақша, аурухана құрылыстары елді мекендерде дамыту жоспарымен ұштастыру қажет екенін айтып, құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде әділдік, бір ізділікті, терең біліктілікті жолға қоюды талап етті.
Елбасы жастар саясатын қолдау мақсатында келесі жыл «Жастар жылы» деп аталатынын айта келе, мектептерде «Сарбаз» жасөспірімдер бірлестігін құрып, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуді дамыту, әскери-патриоттық тәрбиені күшейту арқылы психологтардың жауапкершілігін нақтылауды тапсырды.
«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген сөз бар халық даналығында. Олай болса, осындай көрегендікпен айтылған бағдарымызды отбасы, қоғам болып дамыту әрбір қазақстандық үшін міндет.
Зарипа ТАСЫМОВА,
№29 орта мектеп директоры.
Пікір 1